Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының полицейлері «Камерад» қару-жарақ дүкенінен ұрланған қаруды тәркіледі.
Қалалық криминалдық полицияның мәліметінше, «Камерад» қару-жарақ дүкенін тонаған 3 адам ұсталды. Олардан 5 мылтық тәркіленді.
Екі күдікті - Алматы облысының, тағы біреуі Жамбыл облысының тұрғындары. Айтпақшы, ол, бұрын тонау бойынша сотты болған. Олар 22-24 жаста. Алматы облысы, Қарасай ауданы аумағында арнайы іс-шара барысында екі күдікті ұсталды, тағы бір айыпталушы Алматыдағы Достық даңғылындағы сауда үйінде тұтқындалды. Олар қамауға алынды. Ұсталғандардың басқа да заңсыз әрекеттерге, соның ішінде қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, - деді Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков.
Тәркіленген қару сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.
Оқи отырыңыз: