Алматыда қару дүкенін тонағандардың бірі бұрын адам ұрлап, сотталғаны анықталды

19 Қаңтар 2022, 13:38
1535
Бөлісу:
Алматыда қару дүкенін тонағандардың бірі бұрын адам ұрлап, сотталғаны анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы Полиция департаменті жаппай тәртіпсіздік кезінде қару дүкендерін тоғанған тағы бір адамды ұстағандарын мәлімдеді.
Ұрланғапн қарумен ұсталған күдікті бұрын төрт рет ұрлық жасап істі болған, сондай-ақ адам ұрлағаны үшін де сотталғаны анықталды.

38 жастағы Т.есімді ер адам – жаппай тәртіпсіздікке және қару-жарақ дүкендерін тонауға белсене қатысқан. Оны Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Геологтар көшесіндегі үйлердің бірінде ұстады. Тінту кезінде қаскүнемнен бір мылтық және екі тегіс ұңғылы мылтық, патрондар, оптикалық көздеуіштер тәркіленді,-делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері азаматтарды заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсыруға шақырады. Сонымен қатар, қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар, әрине, қандай да бір қылмыс жасауға жеке өзі қатыспаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Өзгелердің жаңалығы