Әлеуметтік желіде жүргізушісі жоқ автобустың артқа қарай жүріп кетіп, жасаған жол апатының видеосы пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кеше Абай даңғылы мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысында жүргізушісі жоқ, қараусыз қалдырылған №79 автобустың жол апатына түрткі болғаны хабарланған болатын. Бұл кезде автобус жүргізушісі дәретхана кеткен екен.
Кейін полиция хабарлағандай, №79 жолаушылар автобусы Абай даңғылының бойымен шығыс бағытта 84 метр артпен жүрген. Автобустың соққысына алғаш боп ұрынған Land Cruiser көлігі болды. Ол күшті соққыдан Kia Rio мен Chevrolet Cobalt-қа зақым келтірді. Одан кейін автобус жол қиылысында тұрған Kia Optima көлігіне де соғылды. Апат салдарынан Kia Rio көлігінде болған бір әйел зардап шекті. Ол ауруханаға жатқызылды.