Алматыда қалың жауған қардан ағаштар құлап жатыр

20 Желтоқсан 2019, 16:11
3836
Бөлісу:
Алматыда қалың жауған қардан ағаштар құлап жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Қардың қалың түсуіне байланысты Алматының әр ауданында ағаштар құлап жатыр. Бұл туралы Алматы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 

Бір тәулікте ағаштардың құлауынан сегіз апатты жағдай тіркелген. "109" қызметінің құтқарушылары талдар құлаған мекенжайға жедел барып, оларды залалсыздандырып жатыр.

7.jpg

Медеу ауданындағы Пушкин көшесі 127 мекенжайында құлаған ағаш көпқабатты үйдің кіреберісін жауып қалған. Бостандық ауданы Көктем-3 ықшамауданында ағаш көлікті басып қалған. Құтқарушылар ағашты кесіп, KIA Carens автокөлігін ағаш құрсауынан босатты. Сонымен қатар, Алмалы ауданы Амангелді көшесінде де тал құлап, адамдардың жүруіне кедергі келтірген. Құтқарушылар автокранның көмегімен ағаштарды жерге түсіріп, кесті, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, мәліметте апатты жағдайдың алды жедел алынғаны және ешкім құрбан болмағаны айтылған.

Өзгелердің жаңалығы