Алматыда қалың қар жауып, 11 балдық көлік кептелісі болды

Алматыда қар жауып, салдарынан кешке ұзын-сонар көлік кептелісі болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

 автордан  baq.kz 14 Наурыз 2024 2024, 22:14
14 Наурыз 2024 2024, 22:14
1411
Фото: baq.kz

Алматыда қар жауып, салдарынан кешке ұзын-сонар көлік кептелісі болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Такси бағасы бірден қымбаттап шыға келді. “2ГИС" қосымшасында жол кептелісінің көрсеткіші 11 балл болған. Қалың қар халықты әбігерге салды.

Такси қымбаттап кетті. Қалың қар жауады деп ойламадық. Қалада кептеліс, автобус әлі келмей жатыр. Жаңбыр, қар жауса болды Алматының әдеті ғой. Көлік кептелісі көбейіп кетеді. Такси бағасы бірден қымбаттап шыға келді. Автобуста адам көп, - дейді қала тұрғыны.

Қаланы қардан тазалау үшін жүзден астам жұмысшы жұмылдырылса да, түгел тазалап үлгермей жатыр.

Наверх