Жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде Алматыда қала күні тойланады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биыл мереке осы демалыс күндері өтеді. 16-18 қыркүйек аралығында қала тұрғындары мен қонақтары жәрмеңке, концерт, шоу, фестиваль т.б. дәстүрлі іс-шараларды көре алады.
16 қыркүйек
• «Алатау» дәстүрлі өнер театрында сағат 15.00-де республикалық ақындар айтысы болады.
• «Медеу» БСК-де сағат 16.00-де Medeu Party халықаралық стрит-арт фестивалі өтеді.
17 қыркүйек •
«Астана» алаңында сағат 17.00-де «Gakku дауысы» заманауи қазақстандық музыка фестивалі болады.
• Қаланың барлық ауданында мерекелік концерттер өтеді.
• Абай атындағы ҚҰОБТ алдындағы алаңында 17-18 қыркүйек күні сағат 11.00-ден бастап 1940-шы жылдардан бастап қазіргі күнге дейінгі қаланың мәдени-тарихи дәуіріне арналған «Сүйемін сені, Алматы» фестивалі ұйымдастырылады.
18 қыркүйек
• Тұңғыш Президент саябағында сағат 11.00-де «Алма fest» негізгі мерекелік іс-шарасы өтеді. Бұл жерде алма жәрмеңкесі, концерттер және т.б. болады.
• Almaty Arena мұз айдыны кешенінде сағат 18.00-де Salem Almaty концерті өтеді.
• «Астана» алаңында сағат 19.00-де Zhuldyzdy Live концерті өтеді.