Алматыда ПТР мен вакцина құжаттарын қолдан жасағандар жауапқа тартылды

12 Шілде 2021, 16:10
3550
Бөлісу:
Алматыда ПТР мен вакцина құжаттарын қолдан жасағандар жауапқа тартылды
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда үш медициналық мекеменің қызметкерлері ПТР нәтижелері мен вакцинация төлқұжаттарын қолдан жасағаны үшін сотталды.

Қалалық Криминалдық полиция басқармасының хабарлауынша, екі жағдайда екі жеке медициналық орталықтың «Достар Мед» және «Сұңқар» қызметкерлері жалған құжаттар жасағаны үшін ұсталды, сондай-ақ, №4 емханада медициналық қызметкерлердің вакцинация паспорттарын сатқаны және вакциналарды заңсыз жойып жібергені анықталған.

Бірінші жағдайда, клиникадағы зертхана қызметкері орталықтың екі мейірбикесінің көмегімен ақшалай сыйақы үшін теріс нәтижемен биоматериалды сынамасыз ПТР тестін ұйымдастырды. Біраз уақыттан кейін «Сұңқар» медициналық орталығының дәрігер-эндоксисті ұсталды, ол бұрын алаяқтық үшін жауапқа тартылған. Жеке тінту кезінде ПТР тестілерінің нәтижелері, сондай-ақ ақша процессуалдық тәртіпте тәркіленді, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар №4 қалалық емхананың аға мейірбикесі ұсталған. Ол 15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алу үшін вакцина алғандарды белгілеу журналына жалған тіркеумен айналысқан. Бұл фактілер ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы