Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы қаланың элиталы ауданынан екі пәтерді жалға алып, порностудияға айналдырғандарды ұстады. Ұсталған қыздар шетелдік клиенттерге интернет арқылы «интим» қызмет көрсеткен.
Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Қаланың Медеу ауданында жалға алған пәтерде порнографиялық материалдар әзірленіп, таралып отырған. Оқиға орнында виртуальды интимды қызмет көрсеткен қыздар мен техникалық қолдау көрсетіп келген Қырғызстан елінің программисті ұсталған.
Полицияның мәліметінше, шағын студияда қыздар үшауысым бойынша жұмыс істеп келген. Басты ерекшелігі ондағы қыздар интим қызметті интернет арқылы іске асырып отырған. Яғни, қыздар ақша үшін АҚШ пен Еуропалық клиенттердің алдында шешініп отырған. Клиенттер қаражатты Қазақстаннан тыс орналасқан сервер арқылы карточкамен төлеп келгені белгілі болды.
«Веб-моделдерді жарнама арқылы тартқан, оған жоғары табыс тапқысы келетін модельдер алынған. Алайда келісілген мың долларды қатысушылардың ешқайсысы алмаған», - деді ПД басшысының орынбасары полиция полковнигі Данияр Мендебаев.
Аталған оқиға бойынша Алматы қаласы ПД-да сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.