Түркістан облысының 27 жастағы тұрғыны Алматыда жүріп 232 адамды алдап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адам бейтаныс адамдардың атына көлік несиесін рәсімдеген. Ай сайынғы жарнаны өз күшімен төлеймін деп, көліктерді өзіне алып алған.
Аңғал азаматтарды оның сыйақысы – 1 миллион теңге қызықтырды. Полиция күдіктіні ұстады. Ол қамауға алынды. Күдікті осыған ұқсас қылмыстар жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілді.