Алматы, BAQ.KZ. Үш ер адам тыныш аудандарда бөтеннің пәтеріне еніп, құнды заттарды ұрлап кетіп отырған. Осы уақытта олардың қала аумағында 27 қылмыстық эпизодтқа қатысы бары анықталған.
Олар әр ұрлыққа жұмысқа баратындай болып шыққан, таңертең жиналып, аулаларды аралап, терезелерді, көпқабатты үйлердің кіреберістерін қарайлап жүрген. Көбіне жұмыс күндері, өйткені, адамдардың көпшілігі жұмыста болады. Олар классикалық «ұрылар» әдісін қолдана отырып әрекет етті: домофонды басқан, егер ешкім жауап бермесе, кіреберіске кіріп, кілт таңдау арқылы кіретін есікті ашып, құнды заттардың бәрін - ақшаны, әмиянды, ұсақ тұрмыстық техниканы, тіпті тондарды алып шыққан. Екеуі біреудің үйінде пайда табу үшін «қожайынсып» жүрсе, үшіншісі «қонақтардың» келіп қалуынан сақтандырып, төменгі қабатта күтіп тұрған. Жедел-іздестіру шаралары кезінде үш ұры пәтерге кезекті «кіріп-шығудан» кейін бірден ұсталды. Олардан заттай айғақтар: ақша, гаджеттер, құжаттары, банк карталары бар әмиянды тәркіленді, - дейді Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков.
Қазіргі уақытта осы «қылмыстық үштік» мүшелері ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 188 бабы 3 бөлігі - аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Айтпақшы, күдіктілердің бірі 1987 жылы туған, К. деген азамат бұрын сотталған. Оның сыбайластары, күдіктілер 1995 жылы туған С. деген азамат және 1986 жылы туған Н.месімді азамат бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Соған қарамастан, адал жолмен ақша тапқысы келмеген күдіктілер заң алдында бірдей жауап береді, - деп түйіндеді полиция полковнигі Б. Әбілбеков.