Алматыда өткен жылы 42 мыңнан астам бала дүниеге келген

6 Ақпан 2021, 11:10
1469
Бөлісу:
Алматыда өткен жылы 42 мыңнан астам бала дүниеге келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 2020 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша 42019 бала дүниеге келген.

Мысалы, қалалық №2 перзентханада 5,5 мыңға жуық бала, 2937 ұл және 2750 қыз бала туған.

900-ге жуық нәресте хирургиялық араласу арқылы кесарь тілігімен пайда болды. Перзентхананың бас дәрігері Гүлнәр Нұрланова атап өткендей, жедел босануға негізгі көрсеткіштер: жатырдағы тыртық, ұрықтың жамбаспен келуі, ұрықтың қауіпті жағдайы, клиникалық тар жамбас жатады.

Өткен жылы ауыр дәрежелі преэклампсиясы бар 10 әйел босанды. Статистикаға сәйкес, бұл патология ана өлімінің басты себептерінің бірі болып табылады. Барлық 10 әйел сәтті босанды.

Естеріңізге сала кетейік, №2 қалалық перзентхана 132 төсектік қуаты бар қаладағы ең көне босандыру мекемесі болып табылады. Перзентхананың жабдықталуы шамамен 100% құрайды.

Өткен жылдың өзінде 265 бірлік заманауи медициналық жабдықтар сатып алынды, оның 204-і жергілікті бюджет есебінен, қалғаны перзентхана есебінен.

Медициналық көмекті жоғары білікті медицина қызметкерлері көрсетеді. Жалпы перзентхананың жасақталуы 96% құрайды.
Өзгелердің жаңалығы