Алматыда өртенген үйден әйелдің денесі табылды

17 Ақпан 2021, 18:03
2115
Бөлісу:
Алматыда өртенген үйден әйелдің денесі табылды

Алматы, BAQ.KZ. Өрт 16 ақпан күні Алмалы ауданында болған. Бұл туралы Алматы ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

16 ақпан күні сағат 21:47-де Бөгенбай батыр көшесі, 305 мекен жайында өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. 

Өрт сөндірушілер келгенде екі қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтер жанып жатқан. 

Алматыда өртенген үйден әйелдің денесі табылды

Бұл кезде 1988 жылы туған ер адам терезеден көмек сұрап, секіруге дайын тұрыпты. Өрт сөндірушілер оны саты арқылы жерге түсірген.

Жанып жатқан екі бөлмелі пәтерде жоғары температура мен көк түтін пайда болды. Шұғыл түрде газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны өртті сөндіру үшін өрт оқпандарын жіберді. Атқарылған шаралардың арқасында өрт 13 минут ішінде ауыздықталып, 22 сағат 30 минутта 8 шаршы метр жалпы алаңда толығымен жойылды, - делінген хабарламада.

 Өртті барлау және сөндіру барысында әйелдің денесі табылған. Болжам бойынша өрттің шығуына үйде шылым шегу себеп болған.

Осыған байланысты ТЖД ескерту жасады.

Төсекте темекі шекпеңіз, әсіресе, мас күйде! Өртке қарсы режим ережелерінің талаптарын сақтаңыз. Отпен абай болыңыз!, - деп атап өтті ведомство.

Өзгелердің жаңалығы