Алматыда Орталық Азия мен Қытайдағы цифрлық журналистика тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

Бүгiн, 20:06
120
Бөлісу:
Алматыда Орталық Азия мен Қытайдағы цифрлық журналистика тақырыбында дөңгелек үстел өтеді
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

2025 жылдың 26 ақпанында Алматыда "Орталық Азия мен Қытайдағы цифрлық журналистика: жергілікті сын-қатерлер мен жаһандық трендтер" атты дөңгелек үстел өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Narxoz университеті, БҰҰ-ның ҚР-дағы жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілдігі – БҰҰ-ның ҚР-дағы Ақпараттық Бюросы және Орталық Азия-Қытай журналистік зерттеулер қауымдастығы ұйымдастырады.

Жетекші сарапшылар, зерттеушілер мен журналистер Орталық Азия мен Қытайдағы медиа кеңістіктің дамуына жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың әсерін талқылайды.

Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2025 жылға арналған халықтың медиа сауаттылығын арттыру және Медиасфера мамандарының біліктілігін көтеру жоспары шеңберінде ұйымдастырылады.

Дөңгелек үстел аясында келесі мәселелер талқыланады:

- Цифрлық трансформация және жасанды интеллект жағдайындағы журналистиканың болашағы туралы пікірталас;
- Бұқаралық ақпарат құралдарында үлкен деректер мен автоматтандырылған талдауды қолдану;
- Сандық дәуірдегі медианың халықаралық тәжірибесі мен даму перспективалары.

Іс-шараға журналистер, оқытушылар, студенттер, медиа зерттеушілер, БАҚ өкілдері және журналистика мен коммуникацияның болашағына қызығушылық танытқандар шақырылады.

Басқа аймақтарда жұмыс істейтін және курсқа қатысу мүмкіндігі жоқ қатысушылары үшін ZOOM платформасында онлайн трансляциясын көруге болады: конференция идентификаторы: 967 6625 8430, кіру коды: 12345678.

Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс телефондарына хабарласуға болады: +7 7172 740186.

Өзгелердің жаңалығы