Алматыда Орталық Азия елдері әйелдерінің диалог алаңында «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» тақырыбында халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Конференцияға қастысушылар гендерлік теңдік, бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелерін талқылады.
Әлем елдерінде қақтығыстардың өршуі мен тұрақсыздықтың артуы әйелдердің рөлі мен жағдайын ушықтырып отыр. Шығыстағы шиеленіскен жағдайдың әсерінен әйелдер де, балалар да қоғамның ең осал топтары ретінде құрбан болғанын байқаймыз. Ал біз бүгін талқылап отырған күн тәртібіндегі қарулы қақтығыстар мен гуманитарлық апаттар кезіндегі әйелдердің қауіпсіздігіне басты назар аударамыз. Мәселелені призма арқылы егжей-тегжейлі қарау керек, – деді ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева.
Мәжілістің вице-спикері Қазақстанда гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы “SpotLight” жарық сәулесі атты жобаның қолға алынғанын атап өтті.
Еуропалық Одақ пен БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін әйелдер мен қыздарға қатысты жаңа жоба қолға алынды. Жарық сәулесі аталатын жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың толық қолдауына ие. Жоба арқылы гендерлік зорлық-зомбылықтың барлық нысанын жою жөніндегі аймақтық бастамасы іске қосылады, - дейді Дания Еспаева.