Алматы қаласының өрт сөндірушілері жаңа ғимаратта жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматыда Бостандық ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында құрылыс қоқысы өртенді. Өрт шыққан үй-жайдан өрт сөндірушілер қауіпсіз жерге бір газ баллонын алып шығарды.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер шақырылған сәттен бастап 14 минут ішінде 8 ш.м. алаңдағы өртті жойды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі - өрт жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.