Алматыда өрт: көптеген жарақаты бар әйел қайтыс болды

1 Тамыз 2023, 23:38
982
Бөлісу:
Алматыда өрт: көптеген жарақаты бар әйел қайтыс болды
Фото: видеодан скриншот

Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде зардап шеккен әйел қайтыс болды. Ол көптеген жарақат алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматыдағы 16 қабатты тұрғын үйдегі ірі өрттің салдарынан 37 адам қаланың көпбейінді стационарларына жеткізілді, онда оларға қажетті медициналық көмектің толық көлемі көрсетілуде.

Зардап шеккендердің ішінде – 26 бала, 2 жүкті әйел, 6 адам жергілікті жерде медициналық көмек алды, төртеуі емдеуге жатқызудан бас тартты.

Өрт орнына жедел медициналық жәрдем қызметінің 23 бригадасы, оның ішінде 5 мамандандырылған (дәрігерлік бригада), 18 фельдшерлік бригада жіберілді.

Өрттен зардап шеккен адамдар келесі стационарларға жеткізілді: шұғыл пациенттерді қабылдауға дайындалған № 2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы (№2 БҚКА), Балалар шұғыл медициналық көмек орталығы (БШМКО), № 7 Қалалық клиникалық аурухана (№7 ҚКА), Жедел медициналық көмек ауруханасы (ЖМКА), Орталық қалалық клиникалық аурухана (ОҚКА), №4 қалалық клиникалық аурухана (№4 ҚКА).

Қазіргі уақытта балалар ауруханасының реанимациясында 4 пациент бар.

Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілді. Оқиға орнында бір жедел медициналық жәрдем бригадасы кезекшілік етуде.

Өзгелердің жаңалығы