Алматыда өліммен аяқталған жол апатынан кейін жылдамдық шектеле ме?

Сенатор жүргізушілерді арнайы тексеруден өткізуді қарастыруды ұсынды.

 Kozachkov offside телеграм арнасы Бүгiн 2026, 12:19
Бүгiн 2026, 12:19
104
Фото: Kozachkov offside телеграм арнасы

Сенат депутаты, Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Марат Қожаев Алматыда болған адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Журналистер сенатордан Алматыда мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін не істеу керек екенін сұрады.

Естеріңізде болса, бұған дейін әртүрлі шаралар қолданылып, жылдамдыққа шектеу енгізілген еді. Қаланың кейбір көшелерінде жылдамдықты 60 км/сағ деңгейінде белгіледі. Сол кезде ең алдымен журналистер қауымы қала билігін қатты сынға алды. “Кептеліс көбейді, қозғалыс баяулады, жылдамдықты 80-ге көтеру керек” деген пікірлер айтылды, – деді Марат Қожаев.

Ол заңнаманы қайта қарап, жол ережесін өрескел әрі жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерге жауапкершілікті күшейтуді ұсынды.

Менің ойымша, мұндай жүйелі түрде заң бұзатындарға қатысты ойын ережесін өзгерту керек. Жол қозғалысы ережесін әдейі бұзатындарға қатаң шара қолдану қажет. Жыл ішінде 100, 200, тіпті 300-ден астам құқық бұзушылық жасайтындарға айыппұл бойынша жеңілдіктерді алып тастау керек. Өйткені олар күн сайын бірдей ережені бұзады да, жеңілдетілген айыппұлмен құтылып жүр, – деп түсіндірді сенатор.

Айтуынша, бұл шаралар жолдағы жалпы қабылданған тәртіпті елемейтін, жол қозғалысы ережелерін сақтамайтын жүргізушілерге қатысты болмақ.

Көлік – аса қауіпті құрал. Бірақ мұны түсінбейтін адамдар бар. Бұл өзіне тым сенімділіктен бе, әлде айыппұлды оңай төлей алатындықтан ба – білмеймін. Кейбіреулер өз әрекетінің салдарын түсінбеуі мүмкін. Сондықтан мұндай жүргізушілерді басқа елдердегідей арнайы тексеруден өткізуді қарастыру керек, – деді ол.

Марат Қожаевтың айтуынша, оның ұсыныстары Үкімет тарапынан қолдау тапқан.

Қазір осы бағытта ішкі істер органдарындағы әріптестермен бірге жұмыс істейтін боламыз, – дейді сенатор.

Еске салайық, Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам тапқан болатын. Сондай-ақ күдіктіге қатысты тың дерек жарияланды. 

Белгілі болғандай, Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты ісі бойынша полиция қызметкерлері де тексеріледі.

Алматыдағы кісі өлімімен аяқталған ірі жол апатына қатысты қазақстандықтар ашық сотты талап етуде.

Аталған жол апаты оқиғасынан кейін бірқатар басшы қызметінен босатылды. Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне полиция полковнигі Ғалым Сарғұлов тағайындалды.

Сенат депутаты Марат Қожаев 21 наурызда Алматыда 3 адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік жол апаты туралы пікір білдірді.

Наверх