Алматыда оқушылар би-шешендердің толғауларын жатқа айтудан жарысты

5 Қараша 2019, 20:02
1953
Бөлісу:
Алматыда оқушылар би-шешендердің толғауларын жатқа айтудан жарысты

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда еліміздің 10 облысынан келген 40 оқушы би-шешендердің толғауларын жатқа айтып жарысты. Бұл туралы Алматы телеарнасы хабарлады.

Биыл екінші жыл қатарынан өтіп жатқан байқаудың басты мақсаты – оқушыларды кітап оқуға, жан-жақты ізденуге үйрету.

Жарыста шешендік толғауды жатқа айтудан бөлек, кез келген жерінен іліп әкету қажет. Ұйымдастырушылар қатысушылардың ешқайсысын сый-сияпатсыз қалдырмаймыз деп отыр.

Ахмет Байтұрсынов атамыз "Өнер алды – сөз өнері" дейді. Сондықтан, біз бүгін міне ұрпақтарымыздың тілін, тегін білмей жатқан кезде мына би-шешендердің керемет шешендік сөздерімен осындай жарыстар өткізіп, бір дүр сілкіндіріп сөз мәдениетін қалыптастырып, тіл тазалығын сақтау мақсатында осы "Ділмар" шешендік өнер байқауын өткізіп отырмыз, – дейді Алматы қаласы Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаттың директоры Роза Сексенова.
"Ділмар" шешендік байқауына биыл бірінші рет қатысуым. Біз ұстазым екеуміз бүгінгі жарысқа әр түрлі би-шешендердің сөздерін жаттап, үлкен дайындықпен келдік. Бірінші кезеңнен сәтті өткен сияқтымын. Бүгінгі байқаудан жүлделі орын аламын деген ойдамын, – дейді байқауға қатысушы Ақниет Маман.

Өзгелердің жаңалығы