Алматыда 14 мыңнан астам тұтынушыға газ тарифі белгіленді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Әуезов ауданының прокуратурасы тексеру жүргізіп, жеке компанияның тарифті негізсіз көтергенін анықтады. Кәсіпкерлік субъектіге 65 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.
Сондай-ақ, табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган бекіткен тарифтен асып кету анықталып, негізсіз кіріс алынған.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде кәсіпкерлік субъектісі ҚР ӘҚБтК-нің 159 және 164-бабтары бойынша жалпы сомасы 65 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ, 14 мыңнан астам тұтынушының құқықтарын қалпына келтіру өтемақы тарифін енгізу туралы уәкілетті органға тапсырма берілді,- дейді Алматы қаласының прокуратурасы.