Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек атап өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бірнеше ай бұрын жол жүру заңына өзгертулер енгізілді. Соларға сәйкес, самокат пен мопедтің мәртебесі белгіленді. Мопедтерге қатысты өзгерістер күшіне енген жоқ. Ал самокаттарға қатысты енгізілген толықтырулар бойынша бүгінде жұмыс істеліп жатыр. Жыл басынан бері Алматы көшелерінде мопедшілердің қатысуымен 333 жол-көлік оқиғасы болды. Өкінішке қарай, 14 азамат қаза тауап, 355 адам жарақат алды. Бұл – алаңдатарлық статистика. Бұл жағдайды тек полиция қызметкерлері ғана өзгерте алмайды. Жол қозғалысына қатысушы әрбір адам жауапкершілікті сезінуі қажет. Оның ішінде мопедті тізгіндеген жас азаматтардың абай болуын өтінер едім, – дейді Салтанат Әзірбек.