Алматыда монша өртке оранды

Алматының өрт сөндірушілері өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

 Төтенше жағдайлар министрлігі 18 Қыркүйек 2024 2024, 03:15
18 Қыркүйек 2024 2024, 03:15
547
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматының өрт сөндірушілері өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Алматы қаласының Наурызбай ауданында жеке тұрғын үйлердің бірінде монша шатырында өрт орын алды.

Өрт сөндірушілер өрттің одан әрі таралуына жол бермей 25 шаршы метр алаңда өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - делінген министрліктің ақпаратында.

Өрт орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Наверх