Алматыда миллиардтаған теңгенің жобалары іске асады

6 Маусым 2023, 11:17
627
Бөлісу:
Алматыда миллиардтаған теңгенің  жобалары іске асады

Алматыда инвесторлар миллиардтаған теңге құятын жаңа өнеркәсіптік алаңдар пайда болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мегаполисте 29 шағын өнеркәсіптік саябақ жұмыс істейді деп жоспарланып отыр. Жалпы құны-14,2 миллиард теңге. Бұл нысандардың ауданы 133,9 мың шаршы метр, онда 3374 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қазіргі уақытта 29 жобаның 11-і іске қосылды. Олардың ашылуына 4 миллиард теңге жұмсалды.

Өндірістік үй-жайлардың жалпы ауданы 46 мың шаршы метр 76 резидент орналастырылды, олар өндірісті бастауға шамамен 3,5 миллиард теңге инвестиция салды. 1074 жаңа жұмыс орны ашылды, - деді Алматы қаласы әкімдігінде.

10,2 миллиард теңгеге қалған 18 шағын өнеркәсіп паркі құрылыс сатысында тұр. Мәселен, 87,9 мың шаршы метрге 152 ШОБ өндірісі орналастырылады, оған шамамен 6,2 миллиард теңге салынады. 2,3 мың жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Іске асыру мерзімі - 2023-2024 жылдар. Атап айтқанда, биыл 2,7 миллиард теңгеге бес саябақ, ал келесі жылы 7,5 миллиард теңгеге 13 нысан іске қосылады.

Өнеркәсіптік парк шағын және орта бизнес жобаларын іске асыруға арналған аумақ болып табылады, онда кәсіпкерлерге коммуникациялары тартылған дайын үй-жай беріледі. Бұл нысандардың ашылуы «Алматы бизнес – 2025» бағдарламасында қарастырылған. Бұл алаңдар инвесторлармен немесе өндірістік базалардың иелерімен қала шегінде салынатын болады.

Өзгелердің жаңалығы