Алматыда «Менің Туым» акциясы жалғасып жатыр

5 Маусым 2021, 14:42
2032
Бөлісу:
Алматыда «Менің Туым» акциясы жалғасып жатыр
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда «Менің Туым» акциясы өтіп жатыр. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қала көшелерінде, Алматы қаласының Жастар ресурстық орталықтарында «Менің Туым» акциясы жалғасып жатыр. Бүгін Жастар ресурстық орталықтары жалаушаларды табыстап, қала тұрғындарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады, - делінген хабарламада.

Алматыда «Менің Туым» акциясы жалғасып жатыр

Іс-шара аясында 1000-нан астам жалауша қаланың барлық аудандарында таратылды.

Алматыда «Менің Туым» акциясы жалғасып жатыр

Айта кетейік, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне арналған ұлттық мереке. Мемлекеттік рәміздер – мемлекетіміздің әрі егемендігіміздің берік негізі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті бейнесін білдіреді. Бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, маңызды белгілер. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Ту, Елтаңба және Әнұран.

Алматыда «Менің Туым» акциясы жалғасып жатыр

Іс-шара санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада өтті.

Алматыда «Менің Туым» акциясы жалғасып жатыр

Өзгелердің жаңалығы