Алматыда мемлекеттік-жекешелік серіктестік жобалары ненің есебінен қаржыландырылады?

22 Қыркүйек 2023, 18:52
844
Бөлісу:
Алматыда мемлекеттік-жекешелік серіктестік жобалары ненің есебінен қаржыландырылады?
Фото: Мақсат Рысбеков - архив

Алматыда мемлекеттік-жекешелік серіктестікті орнату барысында қандай мақсат көзделеді? Қандай жобаларды іске асыруға тыйым салынған? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу мақсатында BAQ.KZ тілшісі Алматы қаласы әкімдігіне хабарласқан еді.

- Алматыда мемлекеттік-жекешелік серіктестікті орнату барысында алдағы жылдары қандай мақсат көзделіп отыр?

ҚР 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ "Мемлекеттік-жекешелік серіктестік туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-жекешелік серіктестікті орнату жұмыстары экономиканың барлық саласында жүзеге асырылып келеді.

Сонымен қатар, 2022 жылдың 30 желтоқсанында жоғарыда аталған заңға өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес қазір Алматы әкімдігі мемлекеттік-жекешелік серіктестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тізбесін бекіту жұмыстарын жүргізуде. Аталған құжат жақында ресми сайттарға орналастырылады.

- Мемлекеттік-жекешелік серіктестік жобалары ненің есебінен қаржыландырылады?

2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚР "Мемлекеттік-жекешелік серіктестік туралы" заңының 9-бабына сәйкес мемлекеттік-жекешелік серіктестік жобасын қаржыландыру Қазақстан заңнамасымен тыйым салынбаған жеке әріптестің меншікті қаражаты, Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен қарызға алынған қаражат, мемлекеттік бюджет қаражаты, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты, өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Алматыда мемлекеттік-жекешелік серіктестік жобалары мемлекеттік-жекешелік серіктестік шартына сәйкес жеке әріптес қаражаты есебінен де, жергілікті бюджет қаражаты есебінен де қаржыландырылатынын атап өткен жөн. Мысалы, "Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқарудың кешенді жүйесін енгізу" мемлекеттік-жекешелік серіктестік шарты мемлекеттік қаржылық міндеттемелерсіз жүзеге асырылады. Соңғы жылда мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында жаңа жобалар жүзеге асырылмады.

- Қалада қандай мемлекеттік-жекешелік серіктестік нысандары мен түрлері бар?

Қазір Алматыда мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі мемлекеттік-жекешелік серіктестік шарттары, сервистік келісімшарттар және мемлекеттік-жекешелік серіктестік белгілеріне сәйкес келетін 11 жобасы іске асырылуда:

- "Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқарудың кешенді жүйесін (ҚТҚ) енгізу";

- "Велосипедшілерді даярлай отырып велотректі басқару";

- "Алматыдағы № 2 ("Спутник") Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі" МКҚК мүліктік кешенін басқару";

- "Мектептер жанындағы дене шынықтыру-спорттық территориялардың мүліктік кешенін басқару";

- "Қоғамдық көлікті диспетчерлік қызметпен қамту";

- "Алматының сыртқы жарықтандыруын жаңғырту";

- "Алматы аумағын көгалдандыру";

- "Алматыдағы тротуарларды, аялдамаларға кірер жолдарды және алаңдарды орташа жөндеуден өткізу";

- "Алматы арена" және "Халық арена" көпфункционалды кешендерін басқаруды ұйымдастыру"

- "Алматының білім беру мекемелері жанындағы дене шынықтыру-спорт аймақтарын реконструкциялау, пайдалану және басқару";

- "Алматының жол трафигін талдау және зияткерлік қауіпсіздік жүйелері".

- Алматыда мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында қандай жобаларды іске асыруға тыйым салынған?

"Мемлекеттік-жекешелік серіктестік туралы" ҚР 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚР Заңының 4-бабында мемлекеттік-жекешелік серіктестік белгілері регламенттелген. Егер мемлекеттік-жекешелік серіктестік жобасында осы белгілер сақталса, оны іске асыруға тыйым салынбайды. Мемлекеттік-жекешелік серіктестікті іске асыру үшін беруге болмайтын ҚР Үкіметі айқындаған объектілердің тізбесі бар.

- Аталған жобалардың іске асырылуына жауапты мекеменің мониторингілеу жиілігі қандай?

Мемлекеттік-жекешелік серіктестік жобаларын жоспарлау, конкурс және жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік серіктестік шарттарына мониторинг жүргізу ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік серіктестік жобаларының іске асырылуына мониторинг жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік серіктестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларына сәйкес МЖӘ жобаларын іске асыру мониторингін тиісті саланың уәкілетті органы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың жергілікті атқарушы органдары МЖӘ шарты күшіне енген сәттен бастап жыл сайынғы негізде жүзеге асырады.

Өзгелердің жаңалығы