Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Керей-Жәнібек хандары көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі мәлімдеді.
15 тамыз сағат 23:00-ден 16 тамыз 07:00-ге дейін қозғалыс «Ақбұлақ» бұлағынан 558/1 ғимаратқа дейінгі аумақта жабылады. Жабылған жолдың ұзындығы 1,2 км. Айта кету керек, бұл көшенің жалпы 6 шақырымы жөнделмек. Тағы басқа жолдардың жабылатын күндері мен уақыты қосымша хабарланады. Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымының басшысының байланыс ақпараттары көрсетілген стендтер қойылады, - деді Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі.