Алматы, BAQ.KZ. 18 қыркүйек күні Алматыда қала күніне орай Медеудегі баспалдаққа жүгіру шарасы өтеді. Бұл туралы қалалық спорт басқармасы хабарлады.
Сайысқа медициналық шектеуі жоқ кез келген адам қатыса алады. 7 жастан асқан баласы бар отбасылар арасында да топтық жарыс өтеді. 7-10 жас арасындағы балалар 100 сатыға дейін жарысады. 60 жастан асқан қариялар да осы қашықтықты бағындырады.
Сонымен қатар қатысушылар 200 (10 жастан бастап), 300 (16 жастан бастап), 500 (15 жастан бастап 61 жасқа дейін) және 841 баспалдақпен жүгіруден бақ сынайды. Қатысу тегін. Тіркелу сол жерде сағат 07:30-дан басталады. Спорттық шара 09:15-те басталып, әр жас санаты бойынша 10-15 адамнан белгілі бір уақытта жіберіледі, - делінген хабарламада.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер үздік нәтижелер бойынша барлық жас ерекшеліктеріне байланысты анықтылады. Олар медаль және дипломдармен марапатталады, ал белсенді қатысушыларға жарыс ұйымдастырушылары атынан сыйлықтар табысталады.
Жарыс «Спорттық Алматы» бағдарламасының аясында Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен өтеді. Шара алып шаһарда бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.