Алматы, BAQ.KZ. Мас жүргізуші Алматыдағы "Спартак" стадионына басып кіріп, ойнап жүргендерді қуалаған.
24news_kz хабарлағандай 8 тамыз күні кешкісін 1998 жылы туған жігіт автокөлік рөліне мас күйінде отырған.
Жүргізуші стадионның қоршауларын қиратып, футбол алаңына басып кірген, кейін онда ойнап жүргендерді қуалаған.
Куәгерлердің айтуынша, жүргізушінің кесірінен 5 жасар бала өлім құша жаздаған. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.
Жүргізушінің қылығына ашуланған адамдар көлік иесін өз беттерінше жазаламақ болған. Алайда, оның туыстары оған жол бермеді.
Кейін полиция келіп мас жүргізушіні ұстап әкеткен.