Алматыда мас күйде көлік жүргізген шетелдік полициядан қашпақ болды

Мас күйде көлік жүргізу дерегі бойынша жиналған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.

 depositphotos.com 16 Қазан 2026, 08:28
16 Қазан 2026, 08:28
118
Фото: depositphotos.com

Алматыда полиция қызметкерлері оқ атып, жолын бөгеу арқылы Қытай нөмірлі көлікті тоқтатты. Жүргізуші патрульдік полициядан қашуға тырысқан. Көлік тізгінінде Қытай азаматы болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға Райымбек даңғылында болған.

Алмалы аудандық патрульдік полициясының «Буран-230» экипажы Райымбек даңғылының батыс бағытында келе жатқан, Қытайдың мемлекеттік нөмірі тағылған көлікті байқаған. Жүргізуші полицияның заңды тоқтау талабына бағынбаған соң, соңынан қуу басталды. Нәтижесінде көліктің жолын бөгеп, оны тоқтатуға мүмкіндік туды, – деп хабарлады полиция.

Жедел әрекеттердің нәтижесінде патрульдік полиция қызметкерлері көліктің жолын бөгеп, оны мәжбүрлі түрде тоқтатқан.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, көлік тізгінінде Қытай азаматы болған. Оның мінез-құлқы күдік тудырғандықтан, ер адам медициналық куәландыруға жіберілген. Тексеру нәтижесінде жүргізушінің орташа дәрежеде алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Жүргізуші бірден көлік басқарудан шеттетілді. Мас күйде көлік жүргізу дерегі бойынша жиналған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.

Наверх