Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп мәлімдеді Қазақстан конькишілер федерациясының баспасөз қызметі.
Ел біріншілгі Алматыда қаласындағы «Алматы Арена» мұз сарайында 14-19 желтоқсан күндері өтеді. Жарысқа 14 жастан жоғары ересектер мен жас мөлшері 10-18 жас аралығындағы жасөспірімдер, жастар қатысады. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты ҚР чемпионаты көрермендерсіз өтеді.
Сондай-ақ, залдарға спортшыларға ілесіп келген жақын адамдар жіберілмейді. Әрбір спортшыда коронавирусқа ПТР-тесті туралы анықтама (мерзімі 72 сағаттан аспаған) болуы тиіс.
Жарыс бағдарламасы:
14-15 желтоқсан - жаттығу;
16 желтоқсан - жаттығу, жеребе;
17 желтоқсан - жаттығу, жарыс;
18 желтоқсан - жаттығу, жарыс, марапаттау.