Алматыда МӘМС аясында медициналық қызмет көрсету мәселесі қаралды

13 Ақпан 2021, 14:25
1774
Бөлісу:
Алматыда МӘМС аясында медициналық қызмет көрсету мәселесі қаралды

Алматы, BAQ.KZ.  Алматыда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін іске асырудың барысы туралы өңірлік штабтың отырысы өтті. Отырыс жұмысына «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ләзат Ақтаева қатысты.

МӘМС пакеті шеңберінде қала тұрғындарын медициналық қызметтермен қамтуды кеңейту, сақтандыру мәртебесін, әсіресе кәсіпкерлік субъектілер қызметкерлерін өзектендіру мәселелері қаралды.

Қордың Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, қала бойынша 183 денсаулық сақтау субъектілерімен ТМККК аясында және МӘМС жүйесінде қызмет көрсету  шарттары жасалған. Қаржыландыру көмектің барлық түрлері бойынша, оның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша - 7%-ға, профилактикалық тексерулер - 162%-ға, консультациялық - диагностикалық қызметтер бойынша - 49%-ға, онкогематология бойынша - 17%-ға, гемодиализ бойынша - 6%-ға, стационарды алмастыратын көмек-13%-ға, стационарлық көмек-8%-ға, қалпына келтіру емі-63%-ға, паллиативтік көмек-12%-ға, әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша өсім-18%-ға ұлғайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау  барысында COVID-19 коронавирусымен күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге тартылған медицина қызметкерлерін ынталандыру және қолдау үшін қаражат бөлінді. Алматы қаласы бойынша медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне 2020 жылдың наурыз-желтоқсан айлары аралығында жалпы сомасы 16,7 млрд теңгеге ынталандыру төлемдері жүргізілді. 1 қызметкерге  берілген төлемнің орташа сомасы 328 033 теңгені құрайды, - делінген ақпаратта.

Ақпараттық жүйелердің деректері бойынша халықты МӘМС жүйесімен қамту бойынша оң динамика байқалады. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап жыл соңына дейінгі кезеңде Алматы қаласы бойынша сақтандырылмаған адамдардың саны 22,6-дан 15%-ға қысқарды.

Шағын және орта бизнес субъектілері жұмыскерлерінің тізімдерін өзектендіру маңызды мәселе болып қала береді. Алматы қаласы бойынша 2020 жылдың соңына дейін МӘМС төлеуден босатылған ШОБ саны – 116 604. Олардың 68,2%-ы өз қызметкерлерінің тізімдерін өзектендірді немесе МӘМС үшін аударымдар мен жарналарды төледі. «Saqtandyry» АЖ-не шағын және орта бизнес субъектілерінің осы қызметкерлер деректерін енгізу мерзімі 2021 жылғы 1 тоқсанның соңына дейін ұзартылды.

Бұдан басқа, ТМККК және МӘМС пакеттерінде медициналық қызметтерді алу мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің білім деңгейін, сондай-ақ сақтандырылу мәртебесін анықтауға бағытталған «Құпия пациент» жобасының қорытындылары айтылды. Осылайша, 26 медициналық ұйымдар арасында  пациенттердің қанағаттану индексі «өте жоғары» - 81-100%, қалған 34-і «жоғары» деп белгіленді. Тіркеу бөлімі мен CALL-орталықтарда медицина қызметкерлерінің этикасы мен білім деңгейін арттыру бойынша жұмыс жалғасуда, - делінген хабарламада.



Өзгелердің жаңалығы