Алматыда мәдениет саласының қызметкерлеріне 60 пәтер берілді

Жаңа баспаналар мәдениет ұйымдарында еңбек ететін қызметкерлерді әлеуметтік қолдау аясында бөлінген.

 pixabay.com Бүгiн 2026, 17:14
Бүгiн 2026, 17:14
243
Фото: pixabay.com

Мәдениет саласының мамандары тұрғын үйді қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына жалпы негізде қатыса алады. Сонымен қатар, бірқатар өңірлерде әлеуметтік сала қызметкерлері үшін қосымша қолдау шаралары қарастырылған. Олардың қатарында қызметтік және жалдамалы тұрғын үй беру, сондай-ақ жеңілдетілген шарттармен несие ұсыну тетіктері бар.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі сала қызметкерлерін қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. 2024 жылы министрліктің Астана қаласындағы ведомстволық бағынысты ұйымдарында жұмыс істейтін қызметкерлерге 200 пәтер берілді.

Бұл жұмыс 2026 жылы да жалғасын тапты: Алматы қаласындағы мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша 60 пәтер бөлінді. Пәтер кілттерін табыстау рәсімі Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері бірлесіп ұйымдастырды.

Жалпы, Мемлекет басшысының қолдауымен мәдениет саласының қызметкерлеріне 260 пәтер берілді. Бұл шаралар мамандардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға, саладағы білікті кадрларды тұрақтандыруға және мәдениет саласындағы мамандардың беделін көтеруге ықпал етеді.

Наверх