Алматыда мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир өтеді

3 Қазан 2019, 05:40
1563
Бөлісу:
Алматыда мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Қазақстанда тұңғыш рет мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memorial Challenge турнирі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

10-12 қазан күндері Алматыдағы халық аренада өтетін жарыста жасөспірімдер мен ересектер бақтарын сынайды. Оған әлемнің 15 елінен спортшылар қатысады деп жоспарлануда. Аталған турнирдің ұйымдастырылуына қазақстандық мәнерлеп сырғанушы Денис Теннің туыстары мен достары құрған  «Денис Теннің қоры» мұрындық болып отыр.

Олимпида ойындарының жүлдегері, әлемге әйгілі Денис Тенді еске алуға арналған жарыс ISU аясында ұйымдастырылуда. Оған ISU ұйымының барлық мүшелері қатыса алады. Жастар мен ересектер жеке, жұптық және мұздағы спорттық би бойынша өнерлерін көрсетеді. Жастар мен ересектер арасындағы қысқа бағдарлама жарыстың бірінші күні өтсе, жұптық және мұздағы спорттық бишілер Denis Ten Memorial Challenge турнирін қорытындылайды.

Сондай-ақ, Алматы мұз айдынына Қазақстан тарихында бірінші рет Алексей Мишан, Этери Тутберидзе, Елена Водорезова сынды білікті бапкерлердің шәкірттері келеді. Сонымен қатар, қазақстандық Айза Мамбек, Алана Тохтаровалар да өнер көрсетеді. 

Өзгелердің жаңалығы