Алматыда лифтіде әйелді ұрған ер адам ұсталды

17 Мамыр 2024, 12:57
6051
Бөлісу:
Алматыда лифтіде әйелді ұрған ер адам ұсталды
VIDEO
Фото: Арман Мухатов - архив

Алматыдағы көп қабатты үйлердің бірінде лифтіде ажырасқан әйелін ұрған ер адамның бейнеролигі тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы әлеуметтік желіде «Немолчи.kz» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі мәлімдеді. 

Әйел адам бұл ер адаммен ажырасқан. Дегенмен бұрынғы күйеуі әйелін ұсатап алып, оған елдің көзінше күш көрсетеді. Әйелді лифтінің алдында ұрып жатқанда екі ер адам тоқтатпаған. Біреуі ер адамды ұстағанмен, кейін жібере салған, мүмкін қорықып кетті ме, белгісіз. Әйелді ұрып, шетке ысырып тастаған соң, барлығы жайбарақат лифтімен көтеріліп кеткен. Әйел адам жараланды ма, өлі ме, басқасына бәрібір секілді, – делінген бейнежазбаның астында. 

Аталған жағдайға Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

Әйел адамды ұруға қатысты іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Ол міндетті түрде жауапқа тартылады. Бұл ретте әйелдің алған жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберіледі, – дейді Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы