Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда КВИ-мен күреске жұмылдырылған дәрігерлерге қанша үстемеақы төленгені айтылды

11 Тамыз 2021, 12:35
5261
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев биылғы жарты жылда Алматыда коронавируспен күреске жұмылдырылған дәрігерлерге қанша үстемақы төленгенін айтты.

Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша КВИ-мен күресіп жатқан дәрігерлерге 18,3 млрд теңге үстемеақы төленді. Оның ішінде ең қауіпті І топтағы 20 069 адамға – 12,6 млрд теңге, қауіпі орта деңгейдегі ІІ топтағы 12 804 адамға – 4,1 млрд теңге, ІІІ топтағы 10 010 адамға – 1,6 млрд теңге үстемақы төленді. Үстемеақы төлеу бойынша Орталық қордың тарапынан тиесілі адамдарға қаржы төлеу мәселесі айына орындалып отыр,-деді ол. 

Айта каетсек, бұған дейін ол МӘМС аясында қанша алматылық КТ тапсырғанын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы