Алматы, BAQ.KZ. Қаланың «Алматыбасжоспар» ҒЗИ» ЖШС-і әзірлеген «Алматы қаласын 2030-жылға дейін көгалдандыру» стратегиясына сәйкес барлық сегіз аудан қамтылды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Жалпы биыл 350 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланған, оның 64 594-і көктемде отырғызылды. Күз мезгілінде 285 мыңнан астам ағаш отырғызылады деп жоспарланып отыр. Биылғы күздік маусымда қалпына келтіру және бастамашылдық ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіледі, - делінген хабарламада.
Қаланың жаңа аудандарына аса назар аударылып жатқандығын атап өту қажет. Осылайша ағаштардың басым бөлігі Алатау, Наурызбай аудандарында отырғызылатын болады.
Қазіргі кезде Түрксіб ауданында 280 жапырақты 280 түп ағаш отырғызылды. ШААЖ мен қарағай орманында жұмыстар басталып, 8 мыңнан аса ағаш отырғызуға арналған шұңқыр әзірленді.
Сонымен қатар қалада кез келген алматылыққа ағаш отырғызуға мүмкіндік беретін «Жасыл қала» науқаны жарияланды.