Алматыда күзге дейін 150 көше жөнделеді - Досаев

25 Шілде 2024, 11:06
481
Бөлісу:
Алматыда күзге дейін 150 көше жөнделеді - Досаев
Фото: автордан

Наурызбай аудандағы 110 көшеде 50 мың шаршы метр жол жөндеумен қамтылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

Қараша айының соңына дейін Абай даңғылын Строительная көшесінен қала шекарасына дейін ұзартуды аяқтау жоспарлануда. Төле би көшесін ұзарту  үшін 270 жер учаскесі алынуы тиіс, 170 жер учаскесі сатып алынды, қалған учаскелерді сатып алуды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып жатыр. Жұбанов көшесін ұзарту үшін 346 жер учаскесі алынатын болады. 148 объект бойынша қаулылар қабылданды, учаскелерді сатып алу 2025 жылдың соңына дейін жоспарланған,- деді Алматы қаласының әкімі.

Қала әкімі биыл ауданның 110 көшесіндегі 50 мың шаршы метр жол ағымдағы жөндеумен қамтылғанын хабарлады. Қараша айының соңына дейін 150 көшеде тағы 20 мың шаршы метр жолды жөндеу жоспарланып отыр.

Бүгінде 8 көшеде 5 км жолға орташа жөндеу жүргізілді, қараша айының соңына дейін ұзындығы 13 км болатын тағы 22 көше орташа жөндеумен қамтылады, қазан айының соңында Ақжар шағын ауданындағы 6 көше бойынша 2 км жол құрылысын аяқтау жоспарлануда, - деді Ерболат Досаев.

Өзгелердің жаңалығы