Алматыда күзетшіні көлігімен қағып өлтірген азаматқа қатысты іс сотқа жетті

5 Қаңтар 2025, 15:01
277
Бөлісу:
Алматыда күзетшіні көлігімен қағып өлтірген азаматқа қатысты іс сотқа жетті
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін көлігімен қағып өлтірген іс Алматы сотына жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласының МАҚС-на Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 5) тармағы (аса қатыгездікпен кісі өлтіру) және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабының 5-бөлігі (адамның жеке өмірі туралы ақпаратты оның келісімінсіз тарату) бойынша айыпталған, Т.-ға қатысты қылмыстық іс түсті, - делінген Алматы соттары телеграм арнасының хабарламасында.

Бірінші эпизод бойынша сотталушы 2024 жылдың наурыз айында Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің күзетшісін өлтірді деп айыпталып отыр.

Сонымен қатар тергеу сотталушыны өзінің танысы А.-ға қатысты әлеуметтік желілер арқылы порнографиялық бейнероликтерді таратқаны үшін айыптайды.

Сот отырысы тағайындалған жоқ.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы 29 наурызда Алматыда тұрғын үй кешенінің тұрғыны күзетшіні көлігімен қатыгездікпен қағып өлтіргені жайлы жаздық. Күзетші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенімен, сол жерде көз жұмды.

Қайғылы оқиғаның бейнеролигі әлеуметтік желіде жарияланды. Онда күзетші қақпаны жаба бастағанда, джип мінген ер адам оны бірнеше рет әдейі қағып, артынан көліктен түсіп, оны жұдырықтай бастаған еді.

Өзгелердің жаңалығы