Алматыда Құтқарушыларға ескерткіш қойылды

19 Қазан 2021, 19:25
4727
Бөлісу:
Алматыда Құтқарушыларға ескерткіш қойылды
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Құтқарушылар күніне орай Алматыда Алматы гарнизоны тарихында ТЖД құтқарушылар аллеясында алғашқы сквер ашылды. Бұл туралы қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Сквер аумағында «Құтқарушы» Шағын сәулеттік формасы орналасқан. Бұл қолында баласы бар биіктігі 2,5 м  құрайтын жауынгер-құтқарушының бейнесі.

Құтқарушы болаттан жасалған, айқын тігістермен орындалған, бұл қазіргі бейбіт заманғы рыцарьды бейнелейді,  құтқарушыларға және өрт сөндірушілерге құрмет көрсетеді.

Мамыр айында мұнда бірнеше жүздеген бұта мен ағаш отырғызылды. Көшеттерге кешенді күтімге қарамастан, кейбіреулері тамыр алмады, бірақ олардың барлығы қосымша отырғызылды.

Алматыда Құтқарушыларға ескерткіш қойылды

Скверде келушілер үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған – көгалдар отырғызылды, жаяу жүргінші жолдары, тақырыптық орындықтар орналастырылған. Эпидемиологиялық жағдайында азаматтық қорғау органдары біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқаруда,-делінген хабарламада.

Күн сайын ТЖ-ға жедел ден қою үшін кезекшілікте 200-ден астам адам, 80-нен астам техника және 3 әуе борты дайын тұрады. 109 құтқарушылары 700 ден астам адамды құтқарды.

9 айда алматылық құтқарушылар 182 адамның өмірін сақтап қалды, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарға 2700 рет шыққан. Алматы қаласының әкімдігінің 109 құтқару қызметі – 700-ден астам адамды құтқарған.


Өзгелердің жаңалығы