Алматыда күшті жер сілкінісі болды

23 Қаңтар 2024, 00:20
35806
Бөлісу:
Алматыда күшті жер сілкінісі болды

Бүгін Алматыда 23 қаңтар түнгі cағат 00:09 шамасында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жер сілкінісінің қуаты – шамамен 5 балл.

ТЖМ «ННЦСН и И» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин 02 сек (2024 жылғы 22 қаңтарда Гринвич бойынша 18 сағат 09 мин 02 сек) жер сілкінісі тіркелді. 

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде орналасқан Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 15.1. MPV магнитудасы 6.7. Эпицентрдің координаттары 41.22° С. Е. 78.65° ш. б. Тереңдігі 65 км. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл - деп мәлім етті төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ал Алматыдағы көп қабатты тұрғын үйдің тұрғындары сыртқа шыққан. Қалада жер сілкінісі қатты сезілген және ұзақ болған.

Өзгелердің жаңалығы