Алматыда құрылысшылар төбелесіп, біреуі мерт болды

6 Маусым 2021, 13:55
4398
Бөлісу:
Алматыда құрылысшылар төбелесіп, біреуі мерт болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде мас құрылысшы екіншісіне бірнеше пышақ жарақатын салған. Төбелес салдарынан ер адам көз жұмды, деп Tengrinews.kz.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға 5 маусым күні сағат 20:20 шамасында болғанын хабарлады.

Медеу аудандық полиция басқармасына Құлжа трактісі бойынша тұрғын үй кешенінің пәтерлерінің бірінде жалдамалы жұмысшылар арасындағы төбелес болып, салдарынан ер адам есінен танып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Полиция қызметкерлері 1984 жылы туған ер адам Вася есімді серіктесімен бірге жоғарыда аталған мекен-жайда құрылыс жұмыстарын жүргізгенін анықтады.

Сол күні ер адамдар ішімдік ішкен. Ішімдік ішу кезінде олардың арасында жанжал пайда болып, арты төбелеске ұласқан. Төбелес барысында ер адам өзінің серіктесіне бірнеше рет пышақ салып алған, қазіргі уақытта оның кім екені анықталып жатыр, - деп хабарлады Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.



Өзгелердің жаңалығы