Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда өткен онлайн брифингте құрылыс компаниялары жаңа ережемен жұмыс істеуге дайын екендіктерін мәлімдеді.
ҚР Құрылыс саласы одағының басқарма төрағасы Ералы Сауранбаевтың айтуынша, жаңа ереженің барлығы халықаралық нормаға сәйкес келеді.
Біз жаңа ережелер аясында жұмыс істеуге және қабылданған нормаларды қатаң сақтауға дайынбыз. Бізде қаланың дамуына алаңдаймыз. Қаланың сәулет және қала құрылысы Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Құрылыс саласы одағының өкілдері осы құжатты әзірлеуге тікелей қатысты. Барлық қабылданған норма халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді, Алматының тарихи орталығының қайталанбас нақышы мен сәулеттік келбетін сақтауға арналды, - деді ол.
Сондай-ақ ол қала құрылысы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мен көгалдандыруға баса назар аударатынын айтты.
Алматы өмір сүруге ыңғайлы мегаполис ретінде, жасыл қала мәртебесін сақтап қалуы тиіс, - деді Ералы Сауранбаев.