Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан кубогы өтеді

Аталған бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен 800-ден астам балуан жүлдеге таласады.

 olympic.kz Бүгiн 2026, 22:52
Бүгiн 2026, 22:52
59
Фото: olympic.kz

12-17 мамыр аралығында Алматы қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан кубогы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен 800-ден астам балуан жүлдеге таласады.

Айта кету керек, бұл турнирге халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген спортшылар да қатысады. Бәсекенің негізгі мақсаты – алда өтетін ірі халықаралық додаларға ұлттық құраманы жасақтау.

Алғашқы медальдар грек-рим күресінде сарапқа салынады. Одан кейін жарыс жолына әйелдер шығады. Турнирді еркін күрес балуандары аяқтайды.

Наверх