Қала әкімінің Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде 1-ші топ мүгедегі көзі көрмейтіндерге арналған жолды пайдалану мүмкін еместігін айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Біздің қаламызда көзі көрмейтін жандарға арналған жол қағаз жүзінде жасалған. Бұны мен 1-ші топ мүгедегі ретінде айтып отырмын. Осындай жолды саларда өтініш - көзі көрмейтін жандармен ақылдасып, қалауларын тыңдап жасасаңыздар. Себебі оларды пайдалана алмаймыз және бізге көмегі тимейді, - деді қала тұрғыны.
Ерболат Досаев жолақтар қайта салынатындығын, сол кезде барлығы дұрыс болатынына уәде берді.
Жақында ғана инклюзивті орталықтың адамдарымен жиын болды. Сол жерде осы жолақтардың мәселесі көтерілді. Алдағы уақытта жаңа жолақтар мен жолдар салынатын болады, Сол кезде сіз айтқандай мүмкіндігі шектеулі жандардың пікірін негізге ала отырып, жұмыс істейміз, - деді қала әкімі.