Алматыда көшкін қаупі толық жойылмаған 48 учаске бар

6 Қазан 2026, 11:35
АВТОР
 ©BAQ.KZ/ Жасанды интеллект 6 Қазан 2026, 11:35
6 Қазан 2026, 11:35
141
Фото: ©BAQ.KZ/ Жасанды интеллект

Алматының Медеу ауданында көшкін қаупі бар 48 учаске тұрақты бақылауда тұр. Бұл туралы аудан әкімі Еркебұлан Оразалин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әкімнің айтуынша, тау бөктерінде орналасқан аудан үшін көшкін қауіпсіздігі негізгі басымдықтардың бірі саналады. Сондықтан аудан әкімдігі мәселе туындағаннан кейін әрекет етуді емес, тәуекелдердің алдын алуды басты назарда ұстап отыр.

Қазір біздің бақылауымызда 48 учаске бар. Екі жыл бұрын олардың саны шамамен 85 болған. Сол учаскелердің жартысында қажетті жұмыстар жүргізіліп, ықтимал қауіптер жойылды. Биыл қалған 48 учаскенің басым бөлігінде де қажетті шаралар атқарылды, – деді Еркебұлан Оразалин.

Оның сөзінше, көшкін қаупі бар аумақтарға жылына екі рет – көктемде және күзде мониторинг жүргізіледі. Бұдан бөлек, қауіп деңгейін төмендетуге бағытталған қосымша кешенді жұмыстар жоспарланған.

Әкім барлық шара толық аяқталғаннан кейін ғана учаскелер бақылау тізімінен шығарылатынын айтты.

Сондай-ақ Медеу ауданында көшкін қаупін бағалайтын арнайы комиссия жұмыс істейді. Оның құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерімен қатар тәуелсіз сарапшылар да кіреді. Мамандардың қорытындысы негізінде қандай инженерлік немесе алдын алу шараларын жүргізу қажет екені туралы шешім қабылданады.

Құрылыс жұмыстары мен жер бедерінің өзгеруі үздіксіз жүретін процесс. Сондықтан бұл бағыттағы бақылау мен мониторинг те тұрақты түрде жалғасады, – деді аудан әкімі.

Наверх