Алматыда кейбір көше жабылады

27 Тамыз 2019, 16:02
1740
Бөлісу:
Алматыда кейбір көше жабылады

Алматы, BAQ.KZ. Жөндеу жұмыстарына байланысты Шашкин көшесінің Тимирязев пен әл-Фараби аралығындағы бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі.

Бұл туралы Almatyjoldary мекемесінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Шашкин көшесінің Тимирязев пен әл-Фараби аралығындағы бөлігі 29 тамыз күні сағат 21:00-ден 31 тамыз сағат 8:00 дейін жабық болады. Кептелісті тұрып қалмас үшін қала тұрғындары мен қонақтарын бұл аумақты айналып өтуге шақырамыз. Мердігер "ДСУ-13" ЖШС-сі уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды», - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы