Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай туралы өткен брифингте Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.
Қараша айының және желтоқсан айының бірінші аптасының қорытындылары бойынша КВИ жұқтыруға бейім адамдарды жас ерекшелігіне қарай бөліп айтып берді.
Қараша айында және соңғы аптада сырқаттанғандардың 60%-дан астамын 20-дан 60 жасқа дейінгі азаматтар құрап отыр. 20-39 жас аралығындағы жастар қараша айында да, желтоқсанның бірінші аптасында да 32-36% және 40-59 жас аралығындағы адамдар 29-31%, сондай-ақ 60 жастан асқан қарт адамдар 22-26% құрады, - деді ол.
Сонымен қатар қараша айында және соңғы аптада адамдар КВИ-ді жиі жұқтырған жерлер туралы айтылды.
Сырқаттанған адамдардың қоғамдық орындарға келуінің үлесі - сауда үйлері, дүкендер, базарлар 34%-ті құрап отыр. Онда көбінесе 20-39 жас аралығындағы жастар жұқтырған, олар сырқаттанған адамдардың 32-36%-ын құрайды. Одан бөлек отбасы мүшелерімен байланыс 35-36%-ды және қалалық көлік 16-18%-ті құрайды. Медициналық ұйымдарда байланыстар – 6%, сондай-ақ шет елдерден және ҚР өңірлерінен әкелу – 6% және жұмыспен қамту (жұмыс, оқу) орны бойынша - 3%-ті құрап отыр, - деп баяндады Бекшин.
Оның айтуынша, бұл фактілер әкімдіктердің мониторингтік топтарының қоғамдық тамақтану орындары мен қоғамдық көліктерде карантин режимін жаппай бұзушылығын тіркегенін растайды.
Айта кетейік, Бекшин желтоқсанда қанша адам вирус жұқтыруы мүмкін екенін айтты.