Алматыда коронавируспен күреске 27 медицина ұйымы тартылған

4 Тамыз 2020, 13:02
1259
Бөлісу:
Алматыда коронавируспен күреске 27 медицина ұйымы тартылған

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Жоғары медициналық колледжінің директоры Светлана Сұлтанғазиева онлайн брифинг барысында айтты.

Пандемия жағдайында медицина кадрларын жұмылдыру туралы сөз еткен ол кез келген инфекция кезінде адамдар бір мезетте ауруханаға жаппай түссе, бұл оңайға соқпайтынын айтты.
Тіптен денсаулық сақтау жүйесі мықты дамыған елдер де абдырап қалды. Өйткені ешкім науқастардың көп легімен жұмыс істеп үйренбеген. Оның бәріне бейімделу оңай шаруа емес. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесі мынандай нәрселермен тап келді: коронавиурс инфекциясымен жұмыс істеуге бейімделу, карантин кезінде ресурстарды үнемдеу, медициналық кадрларды барлық инфекциялық ауруханаға тиімді үйлестіру, - дейді ол. 
Оның айтуынша, қазір көптеген медициналық ұйым инфекциялық аурухана ретінде жұмыс істей бастаған. 
Жұқпалы аурулар ауруханасының төсек-орындарын көбейту оңай шаруа емес. Ол жерде медициналық жабдықтармен қоса кадрлармен толықтыруды қажет етеді. Сол үшін медициналық кадрларды мобилді жұмысқа көшіру үшін бірқатар қадам жасадық. Алдымен, қаладағы медициналық ұйымдардағы кадрлардың қаншалықты жетіспейтінін сараптадық. Яғни республикалық және жеке клиникалық ұйымдардағы кадрлардың бәрі есепке алынды. Қазір қалада 74 ведомстволық мекеме қызмет істейді, одан бөлек 20 республикалық және 93 жеке меншік  медицина ұйымы бар. Олардың барлығында 38 мыңдай медицина кадры жұмыс істеп жатыр, - дейді Светлана Сұлтанғазиева. 

Қазіргі таңда коронавирус жұқтырғандарды емдеуге 27 медицина ұйымы тартылған екен. 1 тамыздағы жағдай бойынша қалада 6 мың төсек-орын жасақталған.



Өзгелердің жаңалығы