Алматыда коронавирус жұқтырған 178 адам ауруханаға жатқызылды

1 Қазан 2021, 11:09
8362
Бөлісу:
Алматыда коронавирус жұқтырған 178 адам ауруханаға жатқызылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда эпидахуал әлі де шиеленісіп тұр. Өткен тәулікте 498 адамнан вирус анықталған, оның 475 симптомдық белгілері бар және 23 симптомсыз.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 30 қыркүйекте ауруханалардан 178 науқас емделіп шықса, келіп түскендер саны да – 178 болған.

Инфекциялық стационарларда 1 774 адам ем алып жатыр, оның 70-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 184 науқас бар. ӨЖЖ – 36, инвазивті емес ӨЖЖ – 85, High flow-да 45 аппарат жұмыс істейді,-делінген хабарламада.

БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 4 236 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде - 4 087, симптомсыз – 149.

Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 2 252 адам, 2-компонентін 4 150 адам салдырған. Жалпы жыл басынан бері вакцинаның 1-компонентін 953 205 адам, 2-компонентін 859 817 адам алған.

Өзгелердің жаңалығы