<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 сәуірдегі 22:00 уақыт бойынша Алматы қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның 36 ошағы бар, деп хабарлайды қала әкімдігі. </h4>
Жетісу ауданында Волочаевская көшесі, 51; Помяловского, 25; Құлагер ықшам ауданы, 45; Борзова көшесі, 85 мекен-жайлары бойынша 4 ошақ бар.
Түрксіб ауданында 2 инфекция ошағы тіркелген. Олар - Жұлдыз ықшам ауданы, 45; Жұлдыз-1 ы.а., 13.
Наурызбай ауданында Береке көшесі 1/97 мекен-жайы бойынша 1 ошақ бар.
Бұған дейін, ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалардан коронавирус инфекциясына тән клиникалық симптомдардың белгісі болуы мүмкін деген мерзімнің, яғни инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты, төмендегі мекен жайлардағы 14 індет ошағында шектеу шаралары алынып тасталды:
• Алатау ауданы — Заря Востока ы.а., Сары-ой көшесі, 234;
• Алмалы ауданы — Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7;
• Бостандық ауданы — Тұргыт Озал к., 242;
• Медеу ауданы – Зенков көшесі, 59; Достық көшесі, 162; Гоголь көшесі, 75; Достық көшесі, 111;
• Жетісу ауданы – Еңлікгүл көшесі, 34а;
• Түрксіб ауданы – Алтай-1 ықшам ауданы, 8; Жас қанат, 86; Майлин к., 77; Спасск көшесі, 63а.