Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артуда

1 Шілде 2021, 17:02
2331
Бөлісу:
Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, 1 шілдедегі жағдай бойынша індет жұқтырған 74 306 жағдай тіркелген, оның 57 841-і симптомды және 16 465-і симптомсыз, анықталмаған пневмония – 1 993-ті құрайды.

30 маусым күні мегаполисте коронавирус жұқтырған 305 жағдай тіркелген. Тәуліктік өсім 0,4%-ды құрайды. Репродуктивті саны – 1,287. 29 маусымдағы жағдай бойынша зерттелген сынамалардағы үнді штамының үлес салмағы – 78,3%-ға тең.

Инфекциялық стационарларда 703 адам ем қабылдауда, оның 53-і балалар. Жалпы науқастардың ішіндегі 16 пациенттің жағдайы өте ауыр. 153-і ауыр, 534 - орташа ауырлық дәрежеде. Реанимация және интенсивті терапия бөлімдерінде 54 науқас жатыр. ӨЖЖ аппаратында жатқан науқастар - 11, инвазивті емес ӨЖЖ аппаратында - 23, High flow аппаратында - 18.

Соңғы аптадағы мәліметтер бойынша инфекция қоғамдық орындарда (54,2%), яғни кафелер, мейрамханалар, түнгі клубтар және басқа да жаппай жиналу орындары тез таралуда. КВИ дертіне шалдыққанмен байланыста болғандар да бар, инфекцияның 24,4%-ы отбасында жұққан.

Сондықтан Алматыдағы КВИ-дің таралуының алдын алу жөніндегі қалалық штаб эпидемиологиялық жағдайдың ушыққанын ескере отырып, алматылықтар мен қала қонақтарын мерекелік демалыс күндері қарсаңында қоғамдық орындарға барудан бас тартуға шақырады. Олар індеттен құтылудың ең тиімді жолы – вакцина алу деп отыр.

Өзгелердің жаңалығы